Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнелдің жәбірленуші мәртебесінен бас тарту туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Әділет Зейнел
Фото: скрин видеодан

Астана, NEGE. Сот отырысы басталғаннан кейін адвокат Мұрат Мауметов Әділет Зейнелдің жәбірленуші мәртебесінен бас тарту туралы өтінішін оқып берді. Алайда сот Меруерт Абаева өтінішті қанағаттандырмады.

Соттың айтуынша, сот барысында Әділет Зейнелден жауап алу жоспарланған. Осыған байланысты ол жәбірленуші мәртебесінен бас тарту туралы өтінішті жауап алғаннан кейін қайта беруге құқылы.

Сот қаулысына сәйкес, қазіргі уақытта Әділет Зейнел іс бойынша жәбірленуші мәртебесінде қала береді.

Еске салайық, марқұм Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін тоғыз айдан соң Әділет Зейнел қайта шаңырақ көтерген болатын. Көпшілік оның әрекетін сынап, марқұмның отбасына көрсетілген 20 млн теңге көлеміндегі материалдық көмекті қайтаруды талап етті. Ал Ұлдананың анасы бұрынғы күйеу баласынан жәбірленуші мәртебесінен өз еркімен бас тартуды сұраған еді.  

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров