USD
USD
USD

Сот Тұрлыхановтың ұлының жазасын жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмады

Алматы облысы Алатау қаласының соты депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы, ерлі-зайыпты адвокаттарды соққыға жыққаны үшін колонияда жазасын өтеп жатқан Нұрасыл Болаттың өтінішін қарады. Ол қалған мерзімді жазаның жеңіл түріне ауыстыруды сұраған болатын. 

Нұрасыл Болат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Прокурор мен жәбірленуші Анна Чернова өтінішті ішінара қанағаттандырып, жазаны бостандықты шектеуге алмастыруды ұсынған.

Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Бұған Нұрасыл Болаттың бұрын пробациялық бақылау талаптарын бірнеше рет бұзғаны себеп болған. Атап айтқанда, ол түнде қоғамдық орында жүрген, мейрамхана мен ойын-сауық орнына барған.

«Өтініш пен іс материалдарындағы деректер сотталған Н.Болаттың мінез-құлқында оң өзгерістердің бар екенін растамады, ол өзінің түзелгенін дәлелдеген жоқ. Сондықтан жаза өтеу жалғасын табуы тиіс», – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы