USD
USD
USD

Сот тергеу изоляторында әйелді зорлады деп айыпталған полицейге үкім шығарды

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында зорлау дерегі бойынша айыпталған полицейге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Айыпталушы қызметтік міндетін атқарып жүріп, 2024 жылғы 17 қыркүйек күні кешке Сарыағаш ауданының уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған жәбірленушіні зорлаған.

Қылмыс бейнебақылау орнатылмаған бөлмеде жасалған.

Прокурор соттан айыпталушыны кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот отырысында жәбірленуші жыныстық қатынасқа өз еркімен барғанын, ал арызды жүктілік кезіндегі депрессия кезінде жазғанын айтты. Айыпталушы да жыныстық қатынас өзара келісіммен болғанын, бірақ қызметтік өкілетін пайдаланғанын мойындап, өзін ақтауды сұрады. Қорғаушы оның сөзін қолдады.

Сот сот-биологиялық сараптаманың қорытындылары, ультрадыбыстық зерттеу, жәбірленушінің тергеу кезінде берген жауаптары, беттестіру хаттамалары және басқа да дәлелдер негізінде айыпталушының кінәсін дәлелденген деп тапты.

Сот жазаны жеңілдететін жағдайлар ретінде айыпталушының отбасылық жағдайын және жәбірленушімен татуласуын, ал ауырлататын жағдай ретінде – құқық қорғау қызметкерінің антты бұзуын ескерді. Сот үкімімен ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталған полицейдің адвокаты үкімге апелляциялық шағым түсірді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза