USD
USD
USD

Сот шешімі: «Болашақ» бағдарламасының түлектері Қазақстанда жұмыс істеуге міндетті

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2017 жылы «Болашақ» халықаралық стипендия бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның бір университетінде магистратура дәрежесін алған стипендиаттың өтінішін қарады.

Қылмыстық іс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 5 жыл өткеннен кейін стипендиат уәкілетті органдарға кепілге салынған мүлікті ауыртпалықтан босату туралы өтінішпен жүгінген. Алайда оған бағдарлама ережелерінде көзделген міндетті еңбекпен өтеуді орындамағаны үшін өтініші қанағаттандырылмады.

«Бағдарлама шарттарына сәйкес, түлектер Астана немесе республикалық маңызы бар қалаларда кемінде 5 жыл (1825 күн), немесе басқа аймақтарда 3 жыл (1095 күн) жұмыс істеуге міндетті», – делінген хабарламада.

Талап қоюшының шетелде оқуын аяқтағаннан кейін Астанадағы ұйымдардағы еңбек өтілі 1489 күнді немесе белгіленген мерзімнің 82%-ын құрады. Ол міндеттемелерін аяқтамай, 2021 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстаннан кетіп қалған. Талап қоюшы еңбек міндеттемелерін орындамаудың салдары туралы ескертулерді тіпті елемеген.

Ол сондай-ақ шетелде 336 күн қашықтан жұмыс істеуді есепке алуды өтінген. Алайда, бұл әрекеті сотпен қабылданбады. Сот еңбекпен өтеу түлектердің Қазақстанда шын мәнінде физикалық тұрғыдан болуын талап етеді деп ұйғарды. Талап қоюшының қол қойған келісімшартында қашықтан жұмыс істеу қарастырылмаған, ал бұл мәселе бойынша тараптар арасында келісімшарт жасалмаған.

Сот сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының мақсаты – білікті мамандарды ел экономикасына инновациялық технологияларды енгізу үшін елге қайтару екенін атап өтті. Еңбек кодексіндегі қашықтан жұмыс істеуге қатысты өзгерістерге қарамастан, «Болашақ» бағдарламасы ерекше болып табылады және түлектердің Қазақстанда болуы міндетті деп саналады. Бағдарлама ережелерінде қашықтықтан жұмыс істеу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеген.

«Кейіннен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия еңбек міндеттемелерін орындамауына байланысты талап қоюшыны стипендиядан айырып, оқытуға жұмсалған қаражатты қайтаруды талап етті. Ол Комиссияның шешімін де даулап, сотқа шағымданған», – деп хабарлады соттан.

Сот комиссияның шешімі оның құзыреті шегінде қабылданғанын және талап қоюшының бағдарлама бойынша міндеттемелерін орындамау туралы заңды күшіне енген сот шешіміне сілтеме жасап, талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Шешім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

15 наурыз Конституция күні болып белгіленді, ал жазда Парламент сайлауы өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы