USD
USD
USD

Сот отырысынан кейін айыпталушылардың күліп шыққан видеосы үшін техникалық қызметкерлер жазаға тартылды

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Сотталушылар
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде өткен сот отырысында сотталушылардың залдан күліп шығып келе жатқан видеосы тараған болатын. Айыпталушы Нұрқияс Ілиясовтың әкесі сотта судьядан осы жағдайды назарға алуды сұрап, шағым айтқан болатын.

Судья бұл жағдайға қатысты сотпен тексеру жүргізіліп жатқанын және оның нәтижесі қосымша хабарланатынын мәлімдеген.

Бүгінгі сот отырысында судья Ержан Жанұзақов аталмыш қылмыстық іс бойынша 29 сәуірде өткен тікелей эфирден кейін таралған күдіктілердің видеосы туралы жүргізілген қызметтік тексерудің нәтижесін жариялады. 

«Қызметтік тексеріс барысында сот процессінің онлайн трансляциясы бойынша техникалық қызметкерлердің трансляцияны уақытылы тоқтатпағаны, соның нәтижесінде күдіктілердің видеосы эфирге шыққаны анықталды. Нәтижесінде, техникалық қызметкерлер Рүстем Муксинов, Назира Оразалиева және Сәуле Кайдагулова тәртіптік жазаға тартылды. Кешегі әлеуметтік желілерде тағы да сот отырысына қатысты аудио жазба таралуына байланысты сот жекеше қаулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығады», – деді Ержан Жанұзақов.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес