Сот Бишімбаевты ата-аналық құқығынан айырудан бас тартты
Азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ата-аналық құқығынан айырылмайтын болды.
Алматы, NEGE. Оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Бишімбаевтың әлі де ата-ана құқығы бар екенін хабарлаған. Оның айтуынша, сот ата-ана құқығынан айыруға негіз жоқ деп шешті.
«Біздің әділ сот оны ата-аналық құқығынан айыруға негіз жоқ деп шешті, ол біздің мемлекет үшін өте лайықты әке», – деп жазды ол.
Қаһарман Қуандық Бишімбаевты ата-аналық құқығынан айырғысы келетінін айтты. Өйткені ол өз балаларын шетелге жібергісі келген сайын түрмеге келіп, экс-министрден рұқсат алу керектігін алға тартады.
«Мәселе әрбір қағаз үшін, оның қандай да бір келісімі үшін өте қауіпті қылмыскерді іздеп түрмеге бара бермеуде болып тұр. Оның келісімінсіз балаларым жаттықтырушымен я болмаса мұғалімімен ешқандай жарысқа бара алмайды.
Балалар әлі күнге соның тегімен жүр, өйткені біз оны екінші ата-ананың келісімінсіз өзгерте алмаймыз. Кез келген қарапайым ата-ана мұндай рұқсатты алғашқы күндерінен-ақ берер еді, бірақ балалар бір жылға жуық уақыт бойы келеңсіз жайтқа тап келіп және оған төзіп жүруге мәжбүр болды», – деп бөлісті Қаһарман.