USD
USD
USD

Сот Абылай Мырзахметовтің жазасын жеңілдетуден бас тартты

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов сотқа жүгініп, жазасын жеңілдетуді сұраған, деп хабарлайды Павлодар қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.

Атамекен
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «2025 жылғы 28 қаңтарда Павлодар қаласының №2 соты сотталған Абылай Мырзахметовтің жазасын өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл, яғни бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстыру туралы өтінішхатын қарап, жазасын өтеу мерзімінің барлық кезеңінде, оның ішінде күзетпен ұстау уақытындағы тәртібі туралы мәліметтерді зерделеп, процеске қатысушылардың пікірін тыңдады», – делінген сот хабарламасында.

Айта кетсек, Қылмыстық кодекске сәйкес, сотталушының мінез-құлқында оң өзгерістер болса, жазаны жеңілдету жағдайы көзделген.

«Алайда А.Мырзаметовтің мінез-құлқында оң өзгеріс жоқ және жазасын өтеу дағдылы жағдайға жатады. Жазасын өтеудің барлық кезеңінде сотталған адам еңбекке адал қатынасы үшін тек 1 көтермелеу алды, бұл заңға сәйкес сотталушының негізгі міндеті. Қорытындылар бойынша сот жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеу түріндегі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыруға жеткілікті негіздер таппады. Осыған байланысты сотталған адамның өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылды», - дейді Павлодар қалалық сотынан.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай