USD
USD
USD

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: Су қоймасының 50 пайызы тексерілді

Жоғалған тікұшақты іздеу барысында Сорбұлақ су қоймасының 50 пайызы тексерілді. Бұл туралы Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев айтты.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. — 25 шілдеде Қорғаныс министрлігінен Отырарда тікұшақ жоғалғаны туралы хабар алдық. Сол сәттен бастап, жедел іздестіру жұмыстарын бастадық. Берілген бағыт бойынша тікұшақтармен тексердік. Сорбұлақ су қоймасын қарадық. Қазғарыштан алған суреттерден қарағанда жанар-жағармайдың ба ізі болды. Сорбұлақ су қоймасына жақын жерден тікұшақтың бірнеше бөлшегін таптық. Содан бастап штаб құрылып, іздеу жұмыстары басталды, — деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Вице-министр 10 күннен астам уақыт өтсе де, өкінішке қарай тікұшақ табылмай жатқанын айтады.

— Сорбұлақтың 50 пайыздайын тексердік. Барлық іздестіру жұмысы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен өтіп жатыр. Біз күш-құралдарымызды бердік. Қазір таң атқаннан күн батқанға дейін іздеу жұмыстары жүргізілуде. Сорбұлақ суының тереңдігі 5-тен 25 метрге дейін жетеді. Асты батпақ. Тіпті 1 метр тереңдік көрінбейді, лай, — деді Кеген Тұрсынбаев.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар