USD
USD
USD

Сорбұлақта жоғалған тікұшақты іздеу тәулік бойы жалғасуда

25 шілдеде жоспарлы ұшу кезінде жоғалған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағын іздеу Сорбұлақ су қоймасы аумағында тәулік бойы және күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.

Ақтөбеде 13 жастағы ерекше баланы іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылды
Фото: ШҚО ТЖД

АЛМАТЫ, NEGE. Іздестіру жұмыстарына шамамен 400 адам, 70-тен астам техника, 21 жүзу құралы, 10 дрон, эхолоттар, суасты барлау құрылғылары мен кинологиялық топтар жұмылдырылған. Операцияға Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов жетекшілік етуде.

Жұмылдырылған күштер:

Қорғаныс министрлігі: 193 әскери қызметкер, 25 техника, 8 жүзу құралы, 4 дрон.

ТЖМ: 87 адам, 22 техника, 10 жүзу құралы, 7 дрон, 2 эхолот, сүңгуірлер мен 2 кинологиялық топ.

ІІМ: 102 қызметкер, 30 техника.

Әкімдік: 2 автокөлік, 3 жүзу құралы.

Су қоймасының акваториясы мен жағалауы, соның ішінде қиын жететін және терең аймақтар толық тексерілуде. Жоғалғандардың туыстарына іздеу барысы жайлы тұрақты ақпарат беріліп отыр.

Сорбұлақ су қоймасы — ТМД-дағы ең ірі және әлемдегі ірі техногендік су айдындарының бірі. Оның күрделі суасты бедері, лайлы түбі және 22 метрге жететін тереңдігі іздеу жұмыстарына кедергі келтіруде.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар тікұшақтың кейбір бөлшектерін тапқан.

Іздестіру операциясы нақты нәтижеге жеткенге дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы