Sony World Photography Awards 2020 фотобайқауы жалғасып жатыр.
Алматы, NEGE. Ұйымдастырушылар тағы бір рет байқауға келген фотоларды сіздермен бөліспекші. Осы жылы екі аталым және екі жаңа сыйлық қосылды. Олар, Латын Америкасының кәсіби марапаты және Қытай ұлттық студенттік сыйлығы.
Фотожарысқа қатысатын жұмыстар 2020 жылдың 7 қаңтарына дейін қабылданады. Байқауға келіп түскен үздік сурет топтамасын назарларыңызға ұсынамыз. Басты суретті түсірген – ©FDilek Uyar. Үміткер қозғалыс аталымы бойынша "Қой табыны" туындысын ұсынып отыр.