USD
USD
USD

Соңғы үш жылда 270 сарбаз әскерде қаза тапқан

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан жауынгерлерінің кейінгі жылдардағы өлім-жітімі туралы статистиканы жариялады.

Соңғы үш жылда 270 сарбаз әскерде қаза тапқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев уәкілетті органдардың қабылданып жатқан шараларына қарамастан, әскери қызметшілердің көз жұмуы тоқтамай тұрғанын айтты. Мәселен, 2020 жылдан бастап 270 әскери қызметші қайтыс болған. Оның ішінде 2020 жылы – 78, 2021 жылы – 96, 2022 жылы – 85, 2023 жылы 11 әскери адам көз жұмған.

– Өлім жағдайларының ең көп тараған себебінің бірі ауырып қайтыс болу – 36%, жол-көлік оқиғалары салдарынан көз жұматындар – 24% және өз-өзіне қол жұмсау бойынша 20% құрап отыр. Соның ішінде суицид жағдайы бүгінгі күні бәрімізді алаңдатады, – дейді әскери прокурордың орынбасарары.

Оның айтуынша, халық арасында суицид деңгейі бойынша еліміз әлем елдері арасында 20-орында тұр. Ал жасөспірімдер бойынша үштікке кіреді.

– Өкінішке қарай, әскери қызметшілердің қаза табуы мен суицид жағдайлары құқыққа қарсы іс-әрекет салдарынан болғаны жасырын емес. Соңғы үш жылда әскерде болған өлім жағдайының 9 фактісі қылмыстық әрекет есебінен болды. Мәселен, сарбаз Әлібек Қалыбайдың өліміне қатысты резонанстық іс бойынша әріптесі Аманжоловтың кінәсі анықталды. Өткен аптада сот процесі өз мәресіне жетті. Нәтижесінде күдікті сотталды, – дейді Мақсат Қазиев.

Қазір оқып жатыр

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы