USD
USD
USD

Соңғы қоңырауды басқа күнге ауыстыру ұсынылды

«Соңғы қоңырау күнін 30 мамырға не 1 маусымға ауыстыру керек», деді мәжіліс депутаты Алтай Аманжол.

Соңғы қоңырауды басқа күнге ауыстыру ұсынылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәжіліс депутаты Алтай Аманжол жаңадан тағайындалған вице-премьер Алтай Көлгіновке 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні екенін түсіндірді.

«Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, орта білім беретін мектептерде соңғы қоңырау салтанаты 31 мамырда өтеді. Алаш арыстарының мұратын жалғастырып, аманатын ұрпақ санасына сіңіруге тиісті министрліктің 31 мамыр күнінің маңызына мән бермегені қандай өкінішті. Арыстарымыздың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, депутат 31 мамырда жалпыұлттық үнсіздік минутын өткізуді ұсынды. Телеарналардағы ойын-сауық, әзіл-оспақ шоу-бағдарламалар мен концерттерден бас тарту керектігін айтты. 

«Олардың орнына өскелең ұрпаққа ел тарихын тереңірек ұғындыратын мазмұнды бағдарламалар көрсетілуі керек. Ақпараттық БАҚ атаулы датаның тарихи маңызын жан-жақты көрсететін мақалалар жариялауы тиіс», - деді Алтай Аманжол.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия