USD
USD
USD

Соңғы қоңырауда мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынды

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  Вице-министр соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда өтетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Соңғы қоңырауда мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Биылғы шектеу шараларын ескеріп, 25 мамырда өтетін соңғы қоңырауға бірнеше формат ұсынылды. Біріншісі, дәстүрлі түрде таза ауада 9-11-сынып оқушылары мен 300-ге дейін оқушысы бар әрі осы уақытқа дейін штаттық режимде білім берген мектептерге арналған соңғы қоңырау. Бұдан бөлек екі нұсқа бар. Оның бірі соңғы қоңырауды сынып ішінде, екіншісі онлайн өткізу. Қажет деп саналса, сынып ішінде өткізу нұсқасы ұсынылады. Ал қашықтан оқытып жатқандар үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде болады», – вице-министр министрліктің аппарат жиналысында.

Сөз арасында ол соңғы қоңырауда мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынғанын айтты.

«Соңғы қоңырау өткізудің негізгі мақсаты – барлық мектеп оқушылары үшін белгілі бір сыныпты аяқтап, келесі сыныпқа өту және жазғы демалыстың басталуы. 9-11 сыныптар үшін соңғы қоңырау мектеп бітіру іс-шарасы болып саналады. Барлық санитарлық талаптың қатаң сақталуын мектеп әкімшілігі назарға алуға тиіс. Әр оқушымен, әр мектеп бітірушімен келетін ата-ананың саны бірден аспауы керек. Соңғы қоңырауда мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынды», – деді Шолпан Каринова.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy