USD
USD
USD

Соңғы қоңырау шарасы министрлік бұйрығымен бекітілмейді

Мектептердегі соңғы қоңырау шарасы министрлік бұйрығымен бекітілмейді. Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова биылғы соңғы қоңырау күніне қатысты мәселені тағы бір мәрте түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы қоңырау шарасы министрлік бұйрығымен бекітілмейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биыл оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Соңғы қоңырауға келсек, аталған шараны өткізу бұрын да, қазір де министрліктің бұйрығымен бекітілмеген. Демек, нормативтік құқықтық құжаттарда соңғы қоңырау дәстүрі жеке іс-шара ретінде қарастырылмаған», - деді Шолпан Каринова ОКҚ-де өткен брифингіде.

Еске салайық, Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға немесе 1 маусымға ауыстыруды сұраған еді.

Мұнан соң министрлік соңғы қоңырау шарасының 1 маусымда өтетіндігін хабарлады.

«Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады. 31 мамыр – оқу жылының соңғы күні. Бұл күні еліміздің мектептерінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған сыныптан тыс сағаттар өткізіледі. 1 маусымда еліміздің оқушылары халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді», - деп түсіндірген еді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті