USD
USD
USD

Соңғы екі аптада Қазақстанға қанша ресейлік кірді –  Министр жауап берді

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов көрші елде ішінара мобилизация жарияланғалы бері елге қанша ресейлік кіріп-шыққанын айтты.

Соңғы екі аптада Қазақстанға қанша ресейлік кірді –  Министр жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкімет кулуарында журналистер министрден 21 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына қанша ресейлік кіргенін сұрады. «Екі жүз мыңнан астам Ресей азаматы кірді. Бірақ бүгінгі таңда оның 148 мыңы Қазақстан шекарасынан шығып кетті. Мобилизация жариялаған кезде шекарада үлкен кептеліс болғаны рас. Алайда кешеден бері көші-қон сол бұрынғы қалпына келіп жатыр. Мәселен, кеше жеті мыңнан астам ресейлік біздің елге кірсе, он бір мыңға жуығы шығып кетті», – деді Ахметжанов.

Ол елге кірген шетелдіктер көші-қон қызметінің бақылауында екенін атап өтті. Сондай-ақ осы кезеңде Қазақстанның ішкі істер министрлігі заң бұзған 7 ресейлікті елден шығарған. Азаматтық алуға 68 ресейлік өтініш берген.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев