USD
USD
USD

Соңғы екі айда Қазақстанға 8,5 млн АҚШ долларына тең гүл әкелінген

Көктемнің ең сүйікті мейрамы – Халықаралық әйелдер күні жақындап қалды.

Соңғы екі айда Қазақстанға 8,5 млн АҚШ долларына тең гүл әкелінген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл күні жақын және сүйікті әйелдерге гүл мен сыйлықтар сыйлап, ерекше көңіл бөлінеді. Дегенмен, гүлдерді басқа да мерекелерде жиі сыйлайды, себебі ол барлық жастағы нәзік жандылар қауымына көңіл білдірудің мүмкіндігі болып табылады. Сұлулық пен  нәзіктік символына айналған гүлдерді негізінен шет елдерден әкелетіні белгілі. Осыған орай ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде сырт елдерден гүлдерді әкелуге байланысты қызықты деректермен бөлісті. 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға барлығы салмағы 1 085 тонна, құны 8,5 млн. АҚШ долларына тең гүл әкелінген.

Сұранысы ең жоғары – раушан гүлдері: салмағы 724 тонна, құны 6 млн. АҚШ долларына жуық гүлдер әкелінген. Екінші орында – хризантемалар (салмағы 97 тонна, құны 883 мың АҚШ доллары), үшінші орында – қалампыр (салмағы 28 тонна, құны 165 мың АҚШ доллары). Сонымен қатар, лалагүл де жоғары сұранысқа ие, оны 24 тонна салмағымен 178 мың АҚШ долларына әкелген, басқа да жаңа кесілген гүлдер мен бүршіктер де (қызғалдақ, hydrangeas, линолиум,  гипсофила, финикс,  ирис,  гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер) салмағы 167 тонна, құны 1,1 млн. АҚШ долларына әкелінген. Ағымдағы жылы гүлдер Нидерланды (535 тонна), Бельгия (162 тонна), Германия (115 тонна), Эквадор (94 тонна), Литва (79 тонна), Колумбия (54 тонна), Өзбекстан (69 тонна), Кения (15 тонна), Словакия (5 тонна), Израиль (4 тонна) және Түркия (3 тонна) елдерінен әкелінген.  Өткен 2021 жылы салмағы 5 752 тонна, құны 41,4 млн. АҚШ долларын құрайтын гүлдер әкелінген.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай