Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Соңғы екі айда 20 мың өзбек азаматы шекарадан өткен

 Карантин талаптарына сәйкес Қазақстан Өзбекстан азаматтарын шекарадан өткізе алмайды.

Соңғы екі айда 20 мың өзбек азаматы шекарадан өткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар өз елдеріне тек өзбек дипломаттарының көмегімен, арнайы автобустар немесе пойызбен жете алады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. Оның айтуынша, қыркүйек, қазан айларында Қазақстан арқылы 20 мыңға жуық Өзбекстан азаматы өз еліне жеткізілді. Коронавирус індеті басталғалы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарының өз елдеріне қайтуына көмек көрсетіп келеді.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров: "Қазіргі таңда «Ресей Федерациясы мен Қазақстан шекарасында біраз өзбек азаматтары жиналды» деген ақпарат келіп түсіп жатыр. Бұл туралы бізге Өзбек тарапынан ешқандай өтініш әлі келіп түскен жоқ. Қолда бар ақапаратқа сәйкес бұл азаматтар өздерінің жеке көліктерімен Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жетпекші. Бірақ карантин талаптарына сәйкес ондай мүмкіншілік бере алмаймыз. Егер олар өз елдеріне жетемін десе, тек қана өзбек диплопаттарының көмегімен арнайы автобустармен немесе пойызбен жете алады" деді.

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі