USD
USD
USD

Соңғы бір аптада коронавируспен ауыр жағдайда түсетіндер артты

«Стационарға жатқызылған науқастардың көбеюі өзекті мәселе болып отыр.

Соңғы бір аптада коронавируспен ауыр жағдайда түсетіндер артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соның ішінде ауыр жағдай түрімен сипатталатын 596 науқастың бар екенін айтамыз. Оның арасында 493 науқас өте ауыр жағдайда жатса, 103 науқас аса ауыр жағдайда. Өкпені жасанды желдеткішпен 83 науқас қамтамасыз етілген», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева Орталық коммуникациялар қызметінде. Сондай-ақ, маман соңғы бір аптада ауруханаға ауыр жағдайда түсетін науқастардың артқанын атады.

«Статистикалық мәліметтерді талдайтын болсақ, соңғы 7 күннің ішінде жұқпалы аурулар стационарларында төсектермен қамтамасыз ету 25 пайыздан 29 пайызға, реанимациялық төсектердің қажеттілігі 20 пайыздан 24 пайызға артқанын айту керек»,  – деді Айнагүл Қуатбаева. Аталған шарада Айнагүл Қуатбаева коронавируспен ауырғандарға вакцина салуға болатын мерзім екі есе, яғни 6 айдан 3 айға дейін қысқартылғанын айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров