USD
USD
USD

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы сәтсіз ойындарынан кейін жанкүйерлер Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың, бас хатшысы Скотт Маннның және басқа да жауапты тұлғалардың қызметтен кетуін талап етіп жатыр.

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz
Фото: Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Астана, NEGE. ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн соңғы нәтижені ақтауға болмайтынын мойындап, федерация жауапкершіліктен қашпайтынын айтты.

«Соңғы ойындағы нәтиже біз үшін мүлдем сын көтермейді. Біз мұны қалыпты жағдай ретінде қабылдамаймыз және Қазақстан ұлттық құрамасы мұндай төмен нәтиже көрсетпеуі тиіс деп санаймыз. Жанкүйерлердің ренішін толықтай түсінеміз және онымен келісеміз», – деді Манн.

Алайда ҚФФ басшылығы әзірге нақты кадрлық шешім қабылдауға асығар емес. Алдымен Молдова мен Словакияға қарсы қалған екі матчты өткізіп, содан кейін құраманың неге мұндай жағдайға түскенін анықтамақ.

Манн тек бас бапкердің жұмысын емес, жасөспірімдер құрамаларынан бастап, футболшыларды даярлаудың бүкіл жүйесін тексеруге уәде берді. Оның айтуынша, қажет болса, қатаң шешімдер де қабылданады.

Федерацияның ұзақ мерзімді мақсаты әлі де Еуропа чемпионатына жолдама алу екен.

Еске салайық, жаңа бас бапкер Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасын төрт матчта бастап шыққанымен, әзірге бірде-бір жеңіске жеткен жоқ. Алғашқы үш ойыннан кейін Қазақстан FIFA-ның нақты уақыттағы рейтингінде 116-орынға төмендеді.

Қазір оқып жатыр

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер