USD
USD
USD

Соңғы қоңырау 25 мамырда өтетін болды

Бұған дейін еліміздегі су тасқынына байланысты соңғы қоңырау салтанаты өткізілмейтіні айтылған.

Соңғы қоңырау
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Бұл ақпарат қоғамда біраз талқыға түсіп, көпшілігі қарсылық танытты. Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық отырысында министр Ғани Бейсембаев еліміздегі 186 мың мектеп бітіруші үшін оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырды.

«Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын қатаң ескертемін. Осыған орай оқу бағдарламасын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам оқушы келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағатын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы жылдың қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Әріптестеріміздің ұсынысы бойынша елімізде мамыр айында «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланған. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Каникулда кітап оқиық» және басқа шаралар қарастырылған. Сонымен қатар, еліміздегі 186 мың мектеп бітіруші үшін оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын», — деді министр.

Жиын барысында Ғани Бейсембаев төтенше жағдай кезінде эвакуациялық пункте балалар мен тұрғындарға психологиялық көмек көрсеткен 400 ден астам мектеп психологы, өз міндетін атқара жүріп, келген қиындықты елмен бірге еңсеруге қатысқан 29 мыңнан астам педагог пен білім саласы қызметкерлерінің өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай