Референдум Референдум
USD
USD
USD

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея шекарасында атыс болды

Cолтүстік Корея Оңтүстік Корея әскерін шекара маңында атыс жасады деп айыптады. Сондай-ақ олар міндетті түрде жауап қайтаратынын ескертті. Бұл туралы  Корей Орталық телеграф сайты хабарлады.

К
Фото: Ahn Young-joon

Алматы, NEGE. Солтүстік Корея әскері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-лейтенант Ко Чон Чхольдің айтуынша, 19 тамыз күні Оңтүстік Корея әскері шекарада қорғаныс құрылысын жүргізіп жатқан солтүстіккореялық сарбаздарға оқ атқан. Ол кемінде оннан астам ірі калибрлі пулемёттан оқ атылғанын мәлімдеді.

КХДР өкілі бұл оқиғаны "қауіпті арандатушылық" деп атап, оның "бақылаудан тыс шиеленіске" алып келуі мүмкін екенін ескертті.

Пхеньян таратқан мәліметке сәйкес, Солтүстік Корея бұған дейін, шекарадағы құрылыс жұмыстары туралы америкалық әскери өкілдерге ескерткен. Алайда, оңтүстіккореялық тарап оқ ату мен шекара бойында дыбыс зорайтқыштар арқылы психологиялық қысым жасауды жалғастырып жатыр екен.

Солтүстік Корея бұл қондырғылардан музыка мен үгіт-насихаттық хабарламалар таратылып жатқанын және оларды қауіп ретінде қабылдайтынын мәлімдеді.

Аталған шиеленіс Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың кең көлемді бірлескен әскери оқу-жаттығуларына тұспа-тұс келді. КХДР бұл жағдайды "қасақана арандатушылықтың дәлелі" деп бағалады.

Оңтүстік Корея тарапынан әзірге ресми мәлімдеме жасалмаған. Бұған дейін Сеул АҚШ-пен бірлескен оқу-жаттығулардың жалғасып жатқанын ғана хабарлаған.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда