USD
USD
USD

Солтүстік Кипрде супермаркетте қазақстандық қыз пышақ жарақатын алды

Солтүстік Кипрдің Никосия қаласындағы супермаркеттердің бірінде 22 жастағы Қазақстан азаматы Жанерке Әбдіразақоваға пышақпен шабуыл жасалды.

оқиға орны
Фото: sivas360.com

Астана, NEGE. БАҚ мәліметінше, қанды оқиға 3 тамыз күні сағат 11:45 шамасында болған. Белгісіз ер адам қазақстандық қызға пышақпен шабуыл жасап, артынша өзіне де пышақ жарақатын салған. Екеуі де мемлекеттік ауруханаға ауыр халде жеткізілген.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары шабуыл жасаған ер адам қыздың бұрынғы жігіті болуы мүмкін екенін хабарлады. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілдері Солтүстік Кипрде болған оқиғадан хабардар екенін жеткізді.

«Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар мән-жайды анықтап, жергілікті құзырлы органдармен байланыс орнатып отыр. Қосымша ақпарат ресми мәліметтердің түсуіне қарай ұсынылады», – делінген СІМ жауабында.

Министрлік бұл жайтты ерекше бақылауға алған.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу