Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Солтүстік Қазақстанда 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алған кәсіпкер қамалды

Қаржылық мониторинг агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі басшысының 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алу схемасын анықтады.

Өнім
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Өндірістік кооператив басшысы 2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейінгі аралықта жалған құжаттарды пайдаланып, сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген 50 миллион теңгеден астам субсидияны заңсыз алған.

Өндірістік шығындарды растау үшін ауыл шаруашылығы басқармасына жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны үшін өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар және май өндірісі туралы қасақана жалған ақпараттар беріп келген.

Нәтижесінде сот сүт жеткізу мәмілелерін заңсыз деп таныды.

Қаржылық тергеу нәтижесінде, заңсыз алынған субсидияларға күдікті «TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150» маркалы автокөлік сатып алғаны анықталды, ол мүмкін болатын тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамға рәсімделген.

Соттың санкциясымен аталған автокөлікке тыйым салынды. Күдіктіге қатысты сот 2 айға «қамауға алу» түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады.

Барлық ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар