USD
USD
USD

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына қарасты Тепличное, Заречное, Ольшанка және Большая Малышка ауылдарында Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде.

Су тасқыны
Фото: azattyq.org

Алматы, NEGE. Тұрғын үйлерді су басу қаупінің алдын алу мақсатында қорғаныс бөгеттері нығайтылып жатыр.

Құтқару жұмыстарына барлығы 1087 адам, 126 бірлік төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ), полиция департаментінің (ПД), жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) және ТЖМ-нің әскери бөлімдерінің техникасы жұмылдырылды. Тәулігіне 4000 дана, жалпы саны 110 980 қапшық дайындалып, төселді.

Заречное ауылында су басу қаупін төмендету үшін тәулігіне 1500 текше метрден астам су айдау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін барлығы 79 200 текше метр су сорылып шығарылды.

Бұған қоса, Қызылжар ауданының Вагулино және Соколовка ауылдарындағы су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Эвакуациялық пункттер дайындалып, қажетті шаралар қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский

Каратэші Әсел Қанай ХХ Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Әсел Қанай

Қорғаныс министрлігі әскери техника жайлы мәлімдеме жасады

Оқу-жаттығуға жөнелтілген әскери техника