USD
USD
USD

Солтүстік Аралдың су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті

Бұл туралы ведомство басшысы өзінің Telegram-арнасында бөлісті.

Су ресурстары және ирригация
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысындағы екі күндік жұмыс сапары кезінде Солтүстік Аралдың су көлемі 27,1 млрд текше метрге жеткенін айтты. 

Арал ауданының тұрындарымен кездесіп, сұрақтарына жауап берген министр Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатқанын жеткізді.

“Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Көкарал бөгеті салынды және Солтүстік Аралдағы су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті”, деді министр жұмыс сапарының қорытындысында.

Сондай-ақ сала министрі теңізге өткен жылмен салыстырғанда 12,5 есе артық су келіп жатқанын мәлімдеді.

“Қазіргі уақытта Солтүстік Аралға секундына 75 текше метрге дейін су жіберіліп жатыр. Былтыр секундына 6 текше метр су келген болатын. Бүгінде Сырдария өзені арқылы Қызылорда облысына секундына 650 текше метр су келіп жатқандықтан осындай нәтижеге қол жеткізілді. Өзбекстан және Қырғызстанмен бірлескен жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, су жіберу кестелері бекітіліп, қазіргі таңда келісімге сай су келіп жатыр”, деді министр Telegram-арнасындағы жазбасында.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Джеки Чанның «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмі түсірілімдерінің бас серіктесі болды

.

Vietjet Qazaqstan Ресейге ұшатын рейстерін уақытша тоқтатты

Әуе рейсі

«Баянауыл» табиғи паркі аумағындағы орманда өрт шықты

өрт

Павлодарда сиыр етінен әзірленген сервелаттан шошқа ДНҚ-сы анықталған

Сервелат