USD
USD
USD

Солтүстіктегі бораннан 4 мың тұрғын жарықсыз қалды

Солтүстік Қазақстан облысында боранның салдарынан 4 мыңнан астам тұрғыны бар 18 елді мекен электр қуатынсыз қалды. 

Солтүстіктегі бораннан 4 мың тұрғын жарықсыз қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың айтуынша, кешегі бораннан 9 ауданның 18 елді мекені электр қуатынсыз қалды.

4 мыңнан астам абонент жарықсыз отырды. Таңғы сағат 10.00 шамасында 3 елді мекенде электр желілері қалпына келтірілді. Яғни, 700-ге жуық абонентке жарық берілді.

Қалғандарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 24 ақпан күні де қар жауып, боран болады. Сол себепті көлік жүргізушілерін бүгін де жолға шықпауға шақырамыз. Жолға шығу керек болған жағдайда өздерімен бірге жылы киім, қосымша жанармай алуға кеңес береміз. Балаларды үйде қалдырыңыздар. Бірнеше күннен бері дауылды ескерту жариялап, 112 қызметі арқылы хабарлама жіберіп жатырмыз. Соны назарға алмай жолға шығатын адамдар көп. Өздеріңіздің, жолаушыларыңыздың өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тікпеңіздер», – дейді Мұрат Қанғожинов.

СҚО-да боран әзірге басылған жоқ. Сағат 12.00 кезінде 112 қызметі бұрқасын желге байланысты барлық бағыттағы жолдардың жабылғандығы жөнінде ескерту хабарламасын жіберді.

Сондай-ақ бүгін ауа райының нашарлығына байланысты мектептерде 0-12 сынып оқушыларына сабақ болған жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес