USD
USD
USD

Солтүстікте азық-түлік қымбаттауда

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан азық-түлік бағасы 7,3%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 3,3 %-ға және ақылы қызметтер 2,8%-ға өсті.

Солтүстікте азық-түлік қымбаттауда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО статистика департаментінің мәліметінше, өңір бойынша инфляция 4,8% құрап отыр.

Жармалар – баға қымбаттауы бойынша бірінші орында тұр. Жыл басынан бұл өнім 19,4%-ға өскен. Жеміс-жидек 18,1%-ға қымбаттап, екінші орынға шықты. Ал үшінші орында 12,4%-ға қымбаттаған ұн тұр.

Жалпы қаңтар-қыркүйек айларында қант – 10,4%-ға, сүт өнімдері – 9,4%-ға, жұмыртқа – 9,1%-ға, ет пен ет өнімдері – 8,8%-ға, макарондар, майлар – 7,4%-ға, балық – 5,8%-ға және кондитерлік өнімдер 4,9%-ға қымбаттаған.

Темекі өнімдерінің бағасы 10,6%-ға, спирттік ішімдіктердің 7,4%-ға, алкогольсіз ішімдіктердің 5,6%-ға өскен. Арзандаған күріш пен көкөніс, сәйкесінше 6,9 және 7,7%-ға баға түсті. Жеке бас тауарлары – 6,8%-ға, құрылыс материалдары – 9,7%-ға, фармацевтикалық өнімдер 6,4%-ға, тұрмыстық техника – 3,4%-ға, киім мен аяқ киімнің кей түрі 2,7%-ға, кітап-газет, кеңсе тауарлары 1,8%-ға қымбаттаған.

Бензин бағасы 2,4%-ға артса, дизель отыны керісінше, 1,6%-ға арзандаған. Бағасы түскендердің қатарында коммуналдық қызметтер бар. СҚО тұрғындары жылу, суық су, газ, кәріз жүйесі үшін 5%-тен 2,1%-ға дейін аз төлейтін болған, алайда, электр қуаты 5%-ға қымбаттап отыр. Домофонды қолданғаны үшін алынатын төлем 12,9%-ға артқан.

Солтүстікқазақстандықтар үшін құқықтық қызмет, сақтандыру, шаш алғызу, білім алу және қоғамдық орындарда тамақтану бағасы да 10%-дан 4,4%-ға дейін қымбаттады.

Бұдан басқа СҚО-да теміржол билеті 5,2%-ға, автомобильмен жүру 1,9%-ға дейін қымбаттаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер

Ақмола облысында сәбиін абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге үкім шықты

баланың аяғы

Елдос Сметов ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Елдос Сметов