USD
USD
USD

Солтүстікке қоныс аударушыларға 70 АЕК мөлшерінде көмек беріледі

Оңтүстік өңірінің тұрғындарын солтүстікке қоныстандыру мәселелері бойынша онлайн дөңгелек үстел өтті.

Солтүстікке қоныс аударушыларға 70 АЕК мөлшерінде көмек беріледі
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шымкент қоғамдық кеңестің мүшесі Рустем Ашетаев пен «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада ZOOM арқылы қала тұрғындары Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту орталығының мамандарымен тілдесе алды. Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен талаптары қала тұрғындарына кеңінен түсіндірілді.

Аталған бағдарламаның мақсаты - оңтүстіктен қоныс аударушыларды жұмыспен қамту. Өңір өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда солтүстік өңірде білікті дәрігерлер мен мұғалімдер сұранысқа ие.

Биыл оңтүстіктен қоныс аударған әр отбасы мүшесіне берілетін субсидия мөлшері - 70 АЕК. Яғни, 204 мың теңге қаражат көшіп жайғасу үшін көмек ретінде беріледі.

Айта кетсек, 2020-2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 67 отбасы қоныс аударуға ниет білдірген. Жалпы өткен жылы оңтүстіктен қоныс аударған отбасылардың басым бөлігі ауылшарушылығы мен мал шаруашылығы кәсібімен айналысып, кәсіптерін дамытып отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.