USD
USD
USD

Солтүстік өңір өкілдері қоныс аудару бағдарламасының шарттарын түсіндірді

Шымкент қаласына солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасын түсіндіру мақсатында солтүстік өңірдің өкілдері келген болатын. Үгіт-насихат топ мүшелері «SHANYRAQ» орталығында тұрғындармен кездесті.

Солтүстік өңір өкілдері қоныс аудару бағдарламасының шарттарын түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО Ақжар ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры Бауыржан Баржанов, СҚО әкімдігі ішкі көші-қон жөніндегі құрылтайдың бас хатшысы Серік Әлтаев және тағы басқалар орталық қызметімен танысып, қала тұрғындарына қоныс аудару бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақжар ауданының жер көлемі – 8 000 га шамасында, тұрғындар саны – 15436. 24 ауылда 25 мектеп бар. Тұрғындарының 78 пайызын қазақ халқы құрайды. Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан аудан.

Қоныс аударып барған отандастарымызға жеке үй беру мүмкіндіктері ұсынылуда. Екі жыл ішінде ауданда қоныс аударушыларға арнап 65 үй тұрғызылған. Оның 30-ы бос тұр, биыл тағы 30 үй салу жоспарлануда.
Төрт балалы отбасы көшетін болса, көшіп-қону шығыны үшін әр адамға 204 мың теңге, жалпы 1 миллион 200 мың теңгеден аса қаражат бірден беріледі.

Кездесуде қонақтар тарапынан бағдарламаға қатысу шарттары жан-жақты түсіндірілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің құрамын бекітті

қол қою

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ балдық жүйе енгізбек

Alphard