USD
USD
USD

Солтүстік Кореяда коронавирус індеті өршіп барады

 Солтүстік Кореяда коронавирус індеті дендеп барады. BBC агенттігінің хабарлауынша қауіпті дерттен 6 адам көз жұмды.

Солтүстік Кореяда коронавирус індеті өршіп барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тағы 18 мың тұрғынға ковид диагнозы қойылды. Солтүстік Корея басшысы елде төтенше жағдай енгізіп, қатаң локдаун жариялады. Ким Чен Ын аймақтағы барлық қалалар мен уездердің жабылуын талап етті. Пхеньян қаласында анықталған алғашқы науқастар омикрон штамын жұқтырған. Бұдан бөлек сәуір айынан бері елде белгісіз безгек ауруы да пайда болған. Ресми мәлімет бойынша күні бүгінге дейін онымен 350 мың адам ауырған. Айта кетейік, 2020 жылы коронавирус пандемиясы басталғалы Солтүстік Корея билігі өз елінде вирус жұқтырған бір де бір науқас тіркелмегенін айтқан еді. Ресми Пхеньян тіпті халықаралық Covax бағдарламасы бойынша ұсынылған вакциналардан да бас тартқан болатын. Қазір елдің 26 млн жуық халқы екпенің бір де бір дозасын қабылдамаған.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян