Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Солтүстік Кореяда әскери парад өтті

Солтүстік Кореяда әскери парад өтті, деп хабарлайды Хабар-24.

Солтүстік Кореяда әскери парад өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еңбек партиясының 75 жылдығы кең көлемде атап өтілді. Ел тарихындағы торқалы тойдан қалыс қалған ешкім жоқ. Әскерилер де жоғары дайындықпен келіпті.

Әсіресе, көпшілік назарына жаңа қару үлгілерін ұсынуға да асық болған секілді. ВВС мәліметіне сүйенсек, парадта әсіре ауыр қару санатына жататын құрлықаралық баллистикалық зымыран және су асты қайықтарын жоюға арналған баллистикалық зымыран үлгілері көрсетілген.

Ондаған мың әскерилер мен ел алдында сөз сөйлеген КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын азаматтардың патриоттық көзқарасы дүниежүзін дүр сілкіндірген қауіпті індеттен де сақтап тұрғанын айтты. Қазір мемлекетте бірде-бір тұрғынның коронавируспен ауырмағанын айтып мақтанды.

Бүкіл әлем бетін бүркесе, біздер ондайдан аулақпыз дегенді де танытқысы келсек керек, ешкім бетперде таққан жоқ. Ким Чен Ын оңтүстіктегі бауырларына жанашырлық танытып, Оңтүстік Корея және бүкіл әлем қауіпті вирусты тезірек жеңсін деген тілегін  айтты.

Сырт көз әлгі тілекті емес, баллистикалық ракета туралы көп пікір білдіруде. Сарапшылар «әлгі зымырандар көп ұзамай елдегі Қарулы күштер қарамағына өтіп, мемлекеттік қауіпсіз күзетінде қызмет ететін болады» деп топшылауда.

Қазір оқып жатыр

Заманауи спорт менеджменті: жүйелі істен жеңіске дейін

Оспан Әжібеков

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

Алматы

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев