USD
USD
USD

Солтүстік Кореяда алғаш рет коронавирус жұқтырған науқас анықталды

Корея Халық Демократиялық Республикасының Оңтүстік Кореямен шекарасында орналасқан Кэсон қаласында алғаш рет коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Инфекцияны 19 шілде күні Корея Республикасынан оралған «қашқын» алып келді деген күдік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытай орталық телеарнасына (CCTV) сілтеме жасап.

Солтүстік Кореяда алғаш рет коронавирус жұқтырған науқас анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. CCTV арнасының мәліметінше, пациенттің тыныс алу жолдары мен қан талдауын тексерген соң мамандар оны коронавирус болуы мүмкін деген болжам айтқан. Корея орталық телеграф агенттігінің ақпаратына сенсек, сенбі күні Корея Еңбек партиясы орталық комитеті саяси бюросының кеңейтілген мәжілісінде ҚХДР көшбасшысы Ким Чен Ын аталған аймақта төтенше жағдай режимін жариялаған. Сондай-ақ мемлекеттің эпидемияға қарсы күрес жүйесі барынша мығым дайындыққа көшті. 24 шілде күні Кэсон қаласында локдаун режимі енгізіліп, оның аудандары бір-бірінен оқшауланды. Коронавирус жұқтырды деген күдікті науқас қазір карантинде жатыр. Онымен байланыста болған барлық адамдар және таяуда Кэсонға барған тұрғындар анықталып, есепке алынып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.