USD
USD
USD

Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын вирусқа қарсы шараларға арналған кеңесте коронавирусты жеңгенін мәлімдеді.

Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - Ол коронавирусты жою және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша эпидемияға қарсы науқандағы жеңісін салтанатты түрде жариялады, – деп хабарлады елдің мемлекеттік юұқаралық ақпарат құралы.

Еске салайық, 12 мамырда Корей халық демократиялық республикасында (КХДР) коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді. Оңтүстік Кореядан оралған адамда COVID-19 белгілері анықталды.

Екі жылдан астам уақыт бойы Солтүстік Корея билігі елде пандемия жоқ деп мәлімдеді. Сондықтан республикада аурудың анықталуына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Енді Yonhap басылымының хабарлауынша, қатаң карантин шараларының арқасында тамыз айында бірде-бір коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.

Сәуір айының соңынан шілденің соңына дейін елде барлығы 4 миллионнан астам адам COVID-19 жұқтырған.

Қазір оқып жатыр

Бектенов: «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы жақын арада тағайындалады

Самұрық-Қазына

«Қайраттың» 14 футболшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

Қайрат

Ақтөбеде кәсіпкерді атып кетті деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Күдікті

Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдалануға жаңа шектеулер енгізілмек

әлеуметтік желілер