USD
USD
USD

Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға үндеген ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Петропавл қалалық соты интернет арқылы экстремистік мәлімдеме таратты деп айыпталған ерлі-зайыптыға үкім шығарды.

Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға үндеген ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соттың мәлімдемесіне қарағанда, 2022 жылғы 11 желтоқсанда ерлі-зайыптылар телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, "Чат Рулетка" қосымшасында Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын бұзуды насихаттайтын мәлімдеме жасаған. Олар Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясына қосылуын жақтамайтын адамға өз пікірлерін ашық түрде білдірген.

"Бұл – саяси және әлеуметтік қатерге әкеп соқтыратын қауіпті сөздер", – делінген соттың мәлімдемесінде.

Қылмыстық іс "телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, адамдар тобы жасаған Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды және мемлекетті ыдыратуды насихаттау" бабы (ҚР ҚК 180-бабының 2-бөлігі) бойынша қаралды.

Айыпталушылар кінәларын мойындамады, дегенмен сот олардың кінәсі толық дәлелденді деп санайды. Ерлі-зайыптылар бес жыл бас бостандығынан айырылды. Жазаларын қауіптілігі орташа колонияда өтейді.

Қазір оқып жатыр

Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады

Терроризмге осал нысан

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын

Ресейге жеткізу

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат