USD
USD
USD

Солтүстік Қазақстанда сабақ онлайн форматқа ауысты

Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязға байланысты сабақтар қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда сабақ онлайн форматқа ауысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңірде 30 градус аяз болып тұр. 0-11 сынып оқушылары бүгін үйде қалып, сабақты онлайн өткізеді.

Синоптиктердің болжамынша, қатты аяз бірнеше тәулікке созылады. “Қазгидромет” РМҚ бөлімшесінің ақпараты бойынша, бүгін, 7 желтоқсанда қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде және күндіз 27-32 градус аяз болып, ары қарай төмендей береді.

Ертең, 8 желтоқсанда, күн ашық болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 3-8 метрге жетеді. Термометр бағаны түнде 33-38 градусқа, солтүстігінде минус 41 градусқа дейін төмендейді, күндіз минус 28-33 аралығында болады.

Жұма, 9 желтоқсанда облыстың солтүстік өңірлерінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Түнде ауа температурасы 33-38 градус аяз, солтүстігінде минус 41, күндіз 26-31 градус аяз болады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар