USD
USD
USD

Солтүстік Қазақстанда ер адам өз анасын пышақтап өлтірді

Солтүстік Қазақстанда ер адам өз анасын пышақтап өлтірді. Қанды оқиға Қызылжар ауданының Архангелское ауылында болған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Солтүстік Қазақстанда ер адам өз анасын пышақтап өлтірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 56 жастағы азамат сексеннен асқан анасына бірнеше рет пышақ сұққан. Артынша өз өзіне қол салмақшы болыпты. Екеуі де ауруханаға жеткізілген. Ауыр жарақат салдарынан кейуана көз жұмды. Ал баласы уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

“Осы қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның ұлы болып келетін Қызылжар ауданының 1966 жылғы тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы бірінші бөлігі адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті қамауға алынды”, – дейді СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов