«Соқыр», «мылқау», «саңырау» сөздерін айту заңмен шектеледі

Бүгін Парламент мәжілісінің депуттатары мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған заң жобасын мақұлдады. Онда ең алдымен, тұлғаның ар-ұжданыңа тіл тигізбей, бірінші кезекте оның адам баласы екеніне мән беріп, кейін оның ауру-сырқаты жөнінде айту қажет.
НҰР-СҰЛТАН, NEGE Аталған заң жобасын таныстырған депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бірнеше Сенат депутатының бастамасымен Мәжіліс қарауына енгізілген құжат Қазақстан Республикасының 75 заңнамалық актісіне, оның ішінде 11 кодекс пен 64 заңға өзгерістер енгізуді көздейді.
«Бұл заң жобасының бір артықшылығы, бұрын мүгедек балалары бар ата- аналар балаларымен бірге арнайы санаторилерге бара алмайтын.Өйткені, еліміздегі Нұр-Сұлтан,Павлодар және Қарағанды облыстарында ғана жергілікті бюджеттен қаржы қарастыратын. Енді мемлекет қаражатынан барлық өңірлерге 5,9 млрд қаржы бөлініп, заңды өкілдері де санаторилерде ем-дом қабылдай алады»- деді, депутат Елнұр Бейсенбаев.
Аталған заң жобасы бойынша, таксопарктер әрбір оныншы таксиді мүгедектігі бар адамдарға бейімдеуге міндеттелмек.
Сондай-ақ, құжат қабылданса, 62 мыңнан астам мүгедектігі бар баланың ата-анасы шипажай-курорттық ем-домға мемлекет есебінен бірге баруға мүмкіндік алады. «Соқыр», «мылқау», «саңырау» сөздерін айту заңмен шектеледі.