USD
USD
USD

«Соқыр аймақ» сылтау бола алмайды: ІІМ жүк көліктеріне ескерту жасады

Астанада бетон араластырғыш көлік баланы қағып кеткен қайғылы оқиғадан кейін Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігіне қатысты мәлімдеме жасады.

.
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сот-автотехникалық сараптама жүргізіліп жатыр.

«Бұл бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді вице-министр.

Министрлік өкілі ірі көлемді көлік жүргізушілері жиі алға тартатын «көрінбейтін соқыр аймақ» факторы қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын айтты. Оның сөзінше, жүргізуші жол ережесін қатаң сақтауға міндетті, ал мұндай уәж заң алдында ақталуға негіз бола алмайды.

Санжар Әділов қала құрылысы мен инфрақұрылымның дамуына байланысты жүк көліктерінің қозғалысына толық тыйым салу мүмкін емес екенін де атап өтті. Сондықтан министрлік мұндай көліктердің қозғалысын бақылауды күшейтпек.

Сонымен қатар ІІМ балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың да жауапкершілігі бар екенін ескертті. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алуда үлкендердің бақылауы маңызды.

Заң бойынша балаларды қараусыз қалдыру және оларға жолда жүру қауіпсіздігін түсіндірмеу ата-аналар мен заңды өкілдердің әкімшілік жауапкершілігіне әкеп соғуы мүмкін.

Еске салсақ, 26 мамырда Астанада жүк көлігі 11 жастағы баланы қағып кетті. Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұм болған жасөспірімнің анасы Лилия Бадртдинова желіде пікір білдіріп, болған жайтқа жүргізушіні кінәламайтынын жеткізді.

Осыған ұқсас жағдай Шымкентте де болды. Онда да жүк көлігі 11 жастағы баланы басып кеткен.

Қазір оқып жатыр

Нұрбанк акционерлері екінші жыл қатарынан дивиденд төлеуден бас тартты

дивиденд

Астанада полиция қызметкері балконнан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Ер адам

«Әділ сөз» журналист Александра Алеховаға қатысты істі тоқтатуға шақырды

Александра Алехова

БҚО-да ит аулайтын мердігерге алғашқы төлем жасалмақ

.