Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мәжіліс ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды қабылдады

Мәжіліс депутаттары ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. 

заң
Фото: parlam.kz

Астана, NEGE. Заңдағы түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында енгізілген.

Заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Елнұр Бейсенбаев балалар мен жасөспірімдер күн сайын интернетте отбасы, адамгершілік және болашақ туралы түсініктеріне теріс әсер етуі мүмкін ақпаратқа тап болатынын айтты. 

«Қоғамда балалар мен жасөспірімдерді цифрлық кеңістіктегі теріс контенттен қорғау мәселелеріне байланысты алаңдаушылық туып отырғандықтан, заң жобасына қоғамдық орында педофилия мен дәстүрлі емес сексуалдық бағытты насихаттауға тыйым салатын түзетулер енгізілді», – деді Бейсенбаев. 

Депутат бұл тақырыпты бұған дейін Мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин, Ринат Зайыт, Самат Мұсабаев және Ардақ Назаров сынды депутаттар бірнеше рет көтергенін мәлімдеді. 

«Біз ҚР-дағы ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз!» атты петиция ресми қарауға қажетті 50 мың қол жинаған болатын. Нәтижесінде 18 депутаттан құралған бастамашыл топ педофилия мен дәстүрге жат бағытты насихаттайтын ақпараттың таралуын шектейтін түзетулер ұсынды», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, аталған түзетулер ЛГБТ қауымдастығына жататын адамдардың құқықтарын шектемейді. 

«Әңгіме ЛГБТ қауымдастығына жататын адамдарға «тыйым салу» немесе «жою» туралы емес. Енгізіліп отырған нормалар мұндай ақпараттың көпшілікке таралу шегін айқындайды, бұл халықаралық тәжірибеде қалыптасқан жалпыға ортақ ұстанымға сай келеді», – деді Бейсенбаев.  

Депутаттың айтуынша, мұндай заң жобалары Венгрия, Болгария, Литва, Польша, Қырғызстан және Ресей сияқты бірқатар елдерде қолданылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев