USD
USD
USD

Tesla Education-нен зардап шеккен балалар өзге білім орталықтарында тегін оқиды

Tesla Education орталығындағы дауға тап болған балалар өзге білім орталықтарында тегін оқуды жалғастырады. Бұл туралы Respublica партиясы мәлімдеді.  

білім орталығы
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Енді олар «Пифагор», «JUZ40», «Самға», «Достық», «Зерделі» және басқа да орталықтарда білім алуды жалғастырады. 

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков аталған білім орталықтарымен ортақ мәміле жасалғанын мәлімдеді. Ал шығынға ұшыраған отбасылардың балаларын оқу орталықтары өзара бөліп, ҰБТ-ға және басқа да пәндер бойынша тегін дайындауды мойнына алды. 

Қазірдің өзінде «Зерделі», «Пифагор» және «JUZ40» орталықтары дайын екенін растаған. Ол үшін ата-ананың төлем жасағанын дәлелдейтін түбіртек қана қажет.

Айта кетейік, бұған дейін Tesla Education білім орталығында ата-аналар сабақтардың тоқтатылуын, мұғалімдердің болмауын, сондай-ақ, орталық қызметкерлері байланысқа шықпай қоятынын айтып шағымданды. Төлем жасаған 700-ден астам отбасы өз ақшаларын қайтара алмай жүргенін айтқан.

Қазір оқып жатыр

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік