USD
USD
USD

«Қанша қатын алсам да өзім білемін»: Жүгінісовтің үш әйел алғаны рас па?

Желіде бұрынғы әнші, қазіргі блогер Рүстем Жүгінісовтің үшінші әйел алғаны туралы сыбыс тарады.

Рүстем Жүгінісов
Фото: Скрин/instagram/zhugunussov

Астана, NEGE. Альбина есімді бойжеткен Threads-те «Рүстем Жүгінісовтің екінші тоқалының жазбалары» деген атаумен әлеуметтік желіден бірнеше скрин жариялады. 

«Бірінші әйеліне обал болды. Бастапқыда қандай махаббатпен үйленіп еді, тоқал алады деп күтпеді ғой. Енді төртінші әйелін іздеп жүрген шығар...», – делінген жазбада.

Скриндерден «жасым 23-те» деген қыздың Жүгінісовтің екінші әйелі екенін аңғаруға болады. Ол оқырмандарына күйеуінің үшінші әйел алғанын растаған. 

«Қызғанбайсыз ба? Екі жылда үшіншісін ала қоймас» дегеніне: «Алды ғой сол екі жылда. қызғанамын, әрине. Кез келген әйел қызғанады», – деп жауап берген.

Бұл сыбысқа Жүгінісовтің өзі екіұшты жауап қайтарып, бірнеше әйел алғанын мойындағандай болды:

«Әйелдерімді санамай, аңдымай, сөз қылмай жүріңіздерші. Қанша қатын алсам да өзім білемін», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Рүстем Жүгінісовтің Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінде белгісіз ер адамның орамал таққан қызға «бір реттік неке» ұсынғанына айтқан пікірі желі қолданушыларының ашуын туғызған еді.

Ол видео-үндеуінде қыздарға «себепші болмауды» ұсынып, әйел адамдарға үйде отырып, құлшылық етуді, кешкісін көпшілік орындарға шықпауды жөн көретінін айтқан.

Осы сын-пікірлерден кейін Рүстемнің інісі, белгілі әнші Мирас Жүгінісов оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net