USD
USD
USD

«I’m really sorry»: Тоқаев Қаринге неге бұлай деді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылатынын мәлімдеді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі Парламенттің қызметін қамтамасыз етіп отырған аппараттық құрылымдардың бір бөлігі таратылып, мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады.

Осы мәлімдемені жасаған кезде Қасым-Жомарт Тоқаев қасында отыран қазіргі мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннен әзілдеп кешірім сұрап өтті.

«I’m really sorry», – деді Тоқаев Қаринге. 

Президенттің бұл әзіліне залдағы қауым ду күлді.

Бұған қоса Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің функционалы, құрылымы және оны басқару жүйесі қажеттілікке қарай реформаланатынын атап өтті.

«Бұл конституциялық жаңалық президенттік билік институтының әлсіреуін білдірмейді. Керісінше, Президент лауазымы мемлекеттік жүйедегі басты орын болып қала береді», – деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент Қазақстанда вице-президент лауазымын бекітуді ұсынғанын жазған едік. Тоқаевтың ұсынысы қолдау тапқан жағдайда, вице-президентті Парламенттің келісімімен, депутаттардың дауысымен Мемлекет басшысы тағайындайды. Ал өкілеттік аясын Президенттің өзі айқындайды.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарында шекарада бақылау күшейтілді

Шекарадағы бақылау

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу