Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Соғысқа жол жоқ!»: Францияда халық көшеге шықты

  Францияда Украинадағы әскери қимылдарға қарсы шерулер өтіп, 40 мыңнан астам адам көшеге шықты.

«Соғысқа жол жоқ!»: Францияда халық көшеге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президентікке үміткерлер де жұрттың ортасында жүр. Шеруге қатысушылар әскери қақтығысты дереу тоқтатып, Украина аспаны мен атом электр станциясы үстінен ұшақ ұшырмауға шақырды. Бесінші республика қарулы қақтығыс аймағына алғаш болып гуманитарлық көмек жіберген мемлекет. Ірі қалаларда босқындарды қабылдау үшін шұғыл штабтар ашылған. Барлық қала әкімшіліктерінде азық-түлік, дәрі-дәрмек және тұрмысқа қажетті заттар жинастырылып жатыр. Медициналық және гуманитарлық қолдау көрсету үшін Украинаға 100-ге жуық ерікті аттанды.

– Мен мұнда кеше келгем. Бүгін де Украинадағы жағдайға ықпал ету үшін түрлі акцияларға қатысып жатырмын. Адамдардың балаларымен бірге шыққанын көргенде жүрегің елжірейді.

– Мен Украинада бейбітшілік орнағанын қалап келдім. Әскери қақтығыс тоқтатылып, гуманитарлық дәліз құрылып, барлығы қауіпсіздікте болғанын қалаймын.

– Мен украиналықтарға сіздермен біргеміз деп айтқым келеді. Оларға қолдан келгенше көмектескім келеді. Ол үшін Украина елшілігіне барып Киевке қалай жету керектігін сұрамақпын.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел