USD
USD
USD

Соғысқа өз еркіммен келдім: Ресей жасағына қосылған қазақ студенті үндеу жасады

Ресейдегі "Вагнер" жеке әскери компаниясына қосылып, соғысқа аттанған қазақстандық студент видео арқылы үндеу жолдады.

Соғысқа өз еркіммен келдім: Ресей жасағына қосылған қазақ студенті үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Видеода ол өзін ешкімнің ұрламағанын мәлімдеді. Томск мелекеттік университетінде білім алып жүрген 23 жастағы Марғұлан Бекеновті "ұрлап, еркінен тыс соғысқа жібергені" туралы ақпарат тараған болатын. 

"БАҚ пен әлеуметтік желіде мені ұрлап кеткені туралы жалған ақпарат тарады. Меніңше, жалған ақпаратты анам таратқан. Себебі мені қалай болса да елге қайтарып алғысы келді. "Вагнер" компаниясына соғысу үшін, жігіттерге көмектесіп, арнайы операция кезінде үлесімді қосу үшін өз еркіммен қосылдым. Өзімді керемет сезінемін, ұжым тамаша, өзімді тапқандаймын. Маған бұл жерде ұнайды. Психологиялық және эмоционалдық тұрғыдан бәрі жақсы. Мені ешкім ұрлаған жоқ", – деді Марғұлан Бекенов.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе