Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Соғыс жағдайында әрекет етуге қабілетті бөлімшелер құрылады

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов соғыс және дағдарыс жағдайында әрекет етуге қабілетті жауынгерлік бөлімшелер жасақталатынын мәлімдеді.

Соғыс жағдайында әрекет етуге қабілетті бөлімшелер құрылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE."Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді қайта жасақтау, олардың жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыру жөнінде тапсырмалар берді. Сондықтан соғыс жағдайы мен дағдарыс ахуалында әрекет етуге қабілетті жауынгерлік бөлімшелер жасақталып жатыр", - деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов әскердің жауынгерлік дайындығын арттыру жөніндегі іс-шаралардың қорытындысы туралы баяндады. Ол есептік кезеңде жауынгерлік даярлықтың қарқыны едәуір артқанын, заманауи қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне қарап, әскерді қолданудың жаңа нысандары мен әдістері игеріліп жатқанын атап өтті.

Отырыс барысында Қарулы Күштердегі әскери тәртіп пен құқық тәртібі, тыл, техника жағынан қамтамасыз ету және әскери инфрақұрылымды дамыту мәселелері де қаралды. Сонымен қатар, қорғаныс министріне "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы аясында өткізілетін қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау нысандарын жетілдіру шаралары баяндалды.

Қазір оқып жатыр

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

блогер соты