USD
USD
USD

Соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңге берілмек

Ақмола облысында 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден біржолғы ақшалай төлем жасалды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңге берілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда облыстың тоғыз өңірінде 20 ардагер тұрады.

Біржолғы ақшалай төлем Екінші дүниежүзі соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне және «ардагерлер туралы» ҚР Заңының күші қолданылатын басқа да тұлғаларға берілетін жеңілдіктер бойынша аударылады.

Бұл санаттарға 5600 адам кіреді.

«Төлем жасалды, қаражат ардагерлердің шотына аударылды» деді ведомстводан.

Айта кетейік, бюджетте бұл мақсатқа 146 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy