USD
USD
USD

Софья Берульцева жартылай финалда кіммен кездеседі!?

Токио Олимпиадасында қазақстандық Софья Берульцева (61 келі) карате-додан жартылай финалдағы қарсыласы анықталды.

Софья Берульцева жартылай финалда кіммен кездеседі!?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Енді қазақстандық спортшы мысырлық Ферьял Әбделәзизбен шеберлік байқасады. Кездесу шамамен елорда уақытымен 16:20-ге белгіленген.

Ферьял Әбделәзиз 1999 жылы дүниеге келген. 2018 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. 2019 жылы Африка ойындарында күміс жүлдегер болды.

Софья Берульцева 2000 жылы дүниеге келген.

Әзірге халықаралық деңгейде табысқа қол жеткізе қойған жоқ.

Еске салсақ, ол төрт жекпе-жек өткізді. Оның екеуінде Сильвия Семерароны, әзербайжандық Ирина Зарецкаяны жеңсе, түркиялық Мельтем Ходжаоғлымен тең түсіп, жапониялық Аюми Уекусаға есе жіберді.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors