USD
USD
USD

Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында жетінші орын алды

Қазақстандық Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады.

Софья Самоделкина
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 129,39 ұпай жинады. Жалпы есепте 193,37 ұпайға жетіп, ол жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Ким Чхэ Ён жеңіп алды – 222,38 ұпай. Екінші орынды 204,38 ұпаймен америкалық Брэдди Тэннел иеленді. Үздік үштікті тағы бір америкалық спортшы Сара Эверхард қорытындылады – 200,03 ұпай.

София Фарафонова 104,20 ұпай жинап, 20-орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Михаил Шайдоров жеке рекордын жаңартып, жеңіске жетті.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе