USD
USD
USD

Снюс сорып өлген алғашқы адам тіркелді

Ресейде темекі орнына қолданылатын никотинді снюс қалташасын тұтынған алғашқы адам көз жұмды. Бұл жөнінде Ресей федерациясы Денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеді.

Снюс сорып өлген алғашқы адам тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Снюсті сатуға Ресейде 2016 жылы заңмен тыйым салынған. Кейінгі кезде снюстің өзі болмаса да, құрамында никотині бар конфет, сағыз, таблетка секілді заттар нарықта қайта қаптап кеткен. Жыл басынан бері Роспотребнадзор мамандары тексеру жүргізіп, миллионнан аса снюс өнімін тәркілеген, 6,5 млн сомнан аса айыппұл салған.

«Снюс пайда болғалы елде түрлі жаман аурулар көбейіп, адамдардың денсаулығы күрт нашарлап кетті. Психикалық ауытқу, улану, есірткіге құмарту секілді дабыл қақтырарлық мәселе көбейді. Енді міне, адам өліп отыр», – дейді Денсаулық министрлігінің бас наркологы.

Құрамында никотині бар, темекі түріне жатпайтын барлық өнімдерді Ресейде сатуға тыйым салатын заң жобасын Мемлекеттік дума көктемде қарамақ.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент