Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Снарядты кесіп көрмек болған азамат қайтыс болды

Саратов қаласының тұрғыны ауласында снарядты кеспек болған. 
Снарядты кесіп көрмек болған азамат қайтыс болды
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Тергеу органдары снаряд жарылысынан мерт болған ер адамға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. О дүниелік болған адам Саратовтағы үйінің ауласында снарядты темір кескіш құралмен кеспек болған.
 
Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі Саратов облысы Тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
 
«56 жастағы ер адамның мерт болуына байланысты тергеуге дейінгі тексеру ұйымдастырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, 23 қазан күні күндіз 56 жастағы ер адам өзінің үйінің ауласында темір кесетін құралдың (болгарка) көмегімен снарядты кеспек болған. Сол сәтта снаряд жарылған. Оқиға орнына шұғыл жеткен төтенше жағдайлар мен жедел жәрдем қызметінің мамандары қанша жанталасқанымен ер адамды аман алып қала алмады»,-делінген хабарламада.
 
Ер адамның оқиға орнында мерт болғаны айтылды. Оқиғаның қалған мән-жайы әлі нақтыланып жатыр. Сот-медициналық және жарылыс-техникалық сараптау тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев